Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы
15.05.2025ж.
Тақырып: «2024-2025 оқу жылындағы МДҰ жұмысының қорытындысы"
Мақсаты: 2024-2025 оқу жылының жұмыс нәтижелерімен таныстыру.
2025 жылғы жазғы сауықтыру жоспарымен таныстыру.
Төрайым: Муртазина С. М.
Хатшы: Рамазанова Э. Ж.
Қатысқандар саны: 55 адам
Күн тәртібі:
2024-2025 оқу жылындағы МДҰ жұмысының қорытындысы.
Директор Муртазина С. М.
2025 жылғы жазғы сауықтыру жоспарымен таныстыру
Әдіскер Рамазанова Э. Ж.
Ауланың ең үздік ойын алаңы атты конкурсы.
Директор Муртазина С. М.
Балабақша өміріне белсенді қатысқаны үшін ата-аналарды МДҰ-ның мадақтамаларымен марапаттау.
Директор Муртазина С.М. Әр түрлі жағдай бойынша.
Директор Муртазина С.М.
Тыңдады:
Бірінші мәселе бойынша әдіскер Рамазанова Эльмира Жомартқызы сөз сөйледі, ол 2024-2025 оқу жылындағы жұмысты қорытындылады. Қорытындылай келе, Эльмира Жомартқызы келесі оқу жылына арналған басым міндеттерді оқыды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік жалпы білім беру бағдарламасын игеру; инновациялық технологияларды жұмыста белсенді пайдалану, ата-аналардың МДҰ –ның өміріне белсенді қатысуы.
Рамазанова Эльмира Жомартқызы сөз сөйледі. Ол жазғы-сауықтыру кезеңіндегі жоспарлар туралы айтып берді. Әдіскер жазғы кезеңде тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және сауықтыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Ол жазғы кезеңде МДҰ жұмысының басым бағыттарын оқыды: қауіпсіздік; дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы; экологиялық тәрбие. Әдіскер тақырыптық апталар кестесімен айлар бойынша таныстырды.
Үшінші мәселе бойынша директор Муртазина Сауле Муратханқызы ата-аналарды балабақша өміріне белсенді қатысқаны үшін МДҰ мадақтамалармен марапаттады.
Шешім: 2024-2025 оқу жылына дейінгі жұмыстарды және топтардың жұмысын қанағатттанарлық деп тану.
Мерзімі: 15.05.2025ж.
Жауаптылар: тәрбиеленушілердің ата-аналары
Жазғы сауықтыру кезінде мерекелік іс-шараларға белсенді ат салысу.
Мерзімі: 2025ж жазғы сауықтыру жоспары
Жауаптылар: педагогтар мен ата-аналар
МДҰ-ның өміріне белсенді ат салысуды жалғастыру.
Мерзімі: тұрақты
Жауаптылар: ата-аналар